USD: 486.9 / 489.7
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.55 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Қазақмыс" қызметкерлердің балалары үшін жазғы демалыс маусымын ашты

Фото: "Қазақмыс"
Фото: "Қазақмыс"
Қатысушылардың жайлы тұруы мен мазмұнды демалысын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасалды.

"Қазақмыс" компаниялар Тобы балалар демалысының жазғымаусымын ашты. 2026 жылы компания қызметкерлерінің 1200-ден астам баласы жазғы демалысын "Балдаурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Демалыс екі алаңда: Бурабай курорттық аймағындағы Щучье көлі мен Балқаш көлінің жағалауында ұйымдастырылады.

"Бірінші ауысым өз жұмысын бастады — демалысқа Ұлытау облысымен Қарағанды өңірінен 250 бала келді. Жаз бойы балалар үшін сауықтыру, белсенді демалыс және дамыту бағдарламасын қамтитын бірнеше ауысымболады. Қатысушылардың жайлы тұруы мен мазмұнды демалысын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасалды. Орталықтардың инфрақұрылымында бассейн, спорт алаңдары, медициналық орталық, арқан паркі және белсенді демалыс аймақтары бар. Ауысым бағдарламасына спорттық жарыстар, шеберлік сабақтары, командалық ойындар, таза ауада серуендеу және түрлібілім беру іс-шаралары енгізілген", – делінген хабарламада.

Фото: "Қазақмыс"
Фото: "Қазақмыс"

Балалар демалысын ұйымдастыру — "Қазақмыс" компаниясыныңжұмыскерлер мен олардың отбасын қолдауға бағытталған әлеуметтіксаясатының маңызды бөлігі. Компания балалардың жолдамасының, тұруақысының, тамақтануы мен демалыс орнына жеткізу шығындарының негізгі бөлігін өз мойнына алады.

"Жұмыскерлердің басым бөлігі үшін жолдама құнының 80%-ы субсидияланады, ата-ана шығынның тек бестен бір бөлігін ғана төлейді. Ал кейбір әлеуметтік санаттағы отбасылар үшін демалыс толығымен қаржыландырылады. Қатысушылар тізімін құру кезінде компания жыл сайын алмастыру қағидатын ұстанады. Бұл тәсіл барынша көп отбасын қамтуға және аталған әлеуметтік қолдау шарасына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Балалардың толыққанды демалысы мен сауығуына қолайлы жағдай жасау компанияның әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Жұмыскерлердің отбасын қолдау, балаларға арналған бағдарламаларды дамыту және жас ұрпақтың денсаулығын нығайту — компанияның өзіне қатысы бар өңірлердегі өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз