USDUSD: 501.3 / 503.9
  • EUREUR: 542.5 / 546.5
  • RUBRUB: 5.79 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

"Қазақмыс" кенішіндегі апаттың себебі 10 күн ішінде анықталады – Бозымбаев

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алдын ала мәліметтер бойынша, жер астында табиғи газ жарылған.

"Қазақмыс" кенішіндегі трагедияның себебі 10 күн ішінде анықталады, деп мәлімдеді премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.

"Екі арнайы кіші комиссия құрылды. Бірі апаттың себептерін анықтауы тиіс, ал екіншісі қауіпсіздік техникасының қандай бұзушылықтары болғанын анықтайды. Кіші комиссиялар өз жұмысын 10 күн ішінде аяқтауға тиіс", – деді вице-премьер.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жер астында табиғи газ жарылған. 17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" компаниялар тобына тиесілі кеніште тау массасы құлады. Жеті жұмысшы құлаған аймақта қалып қойған. Олардың барлығы қайтыс болды. Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша – "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Президент трагедияның себептерін мұқият тергеуді тапсырды.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС басшылығына "Жомарт" шахтасындағы жұмыстарды тергеу аяқталғанға дейін қайта бастамауды тапсырды.


Оқи отырыңыз: "Қазақмыс" кенішінде қаза болған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды


 

Серіктестер жаңалықтары