Тікелей эфир

"Қазақмыс" кенішінде жұмысшы қаза болды: полиция қылмыстық іс қозғады

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Анненская" кенішінде жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға Шығыс-Жезқазған кенішінің "Анненская" шахтасында болған.

"Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылғы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза болды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды", – делінген компания хабарламасында.

Компания марқұмның отбасына жерлеу шығындарымен, ұжымдық шартта көзделген барлық қажет көмек көрсетілетінін хабарлады.

"Анненск" шахтасында болған кеншінің өліміне қатысты Ұлытау облыстық полиция департаментіне ресми мәлімдеме жасады. Ведомство мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Анненская" шахтасында өліммен аяқталған өндірістік жарақат фактісі бойынша Сәтбаев қаласының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 156-бабы, 3-бөлігі (абайсызда адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында Ұлытау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен басшылығы бар. Оқиға болған жерді тексеру және тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында", – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары