USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Қазақмыс Балқаш мыс балқыту зауытының цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Күкірт қышқылы цехындағы жылу алмастырғыш 18 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.

"Қазақмыс" тобының құрылымына кіретін Балқаш мыс балқыту зауытының (БМЗ) күкірт қышқылы цехында күрделі жөндеу жалғасуда, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Шара шеңберінде 18 жылдан астам уақыт жұмыс істеген жылу алмастырғышты ауыстыру жобасы іске асырылуда. Бұл жұмыс компанияның өндірістік қуатын жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. 

Жылу алмастырғыш технологиялық үдерісте маңызды рөл атқарады, ол күкіртті ангидридті (SO₂) күкірт ангидридіне (SO₃) тотықтыру кезінде қажетті жылу балансын қамтамасыз етеді. Оның тұрақты жұмысы бүкіл өндірістік циклдың тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Қазіргі уақытта қабықшалы-түтікшелі салқындатып қайта қыздыруға арналған жаңа жылу алмастырғышты монтаждау жұмысы жүргізілуде. Жабдық цехтың контакт бөлімінде SO₂ газын қыздыруға және бір мезгілде SO₃ газын салқындатуға арналған.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Жылу алмастырғыштың құрылымы жеті сегментке бөлінген құбырлы шоғырдан тұрады. Бұл монтаждау үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жабдықтың жалпы салмағы шамамен 200 тоннаны құрайды, ал биіктігі 25 метрге жетеді.

Жабдық "Қазақмыс" корпорациясы құрылымына кіретін Қарағанды құю-машина жасау зауытында коррозияға төзімді материалдан жасалған, бұл оның агрессивті ортада сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Жұмысты техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметінің мамандары жөндеу уақытын қысқарту жобасы шеңберінде атқаруда. Монтаждау жұмысын мерзімінен бұрын аяқтау жоспарланған.

Заманауи жабдыққа көшу агрегаттардың сенімділігін арттыруға, жоспардан тыс тоқтап қалу қаупін азайтуға және өндірістік циклдің тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз