Тікелей эфир

"Қазақ халқы қажы адамнан бата алуға асыққан". Бас мүфти Меккеде баяндама жасады

Қасиетті жерден келген кісінің дұғасы қабыл болады деп сенген, деді ҚМДБ басшысы.

Мекке қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен халықаралық конференцияда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасады, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

"Қажылыққа келу – кез келген адамға нәсіп бола бермейтін нығмет. Қажылық парыздары мен сүнеттерін, рәсімдері мен рүкіндерін шариғатқа сай орындаған мұсылман ұлы сапардан күнәдан пәк күйінде оралады. Қазақ халқы ұлы сапардан оралған кісіні "қажы" деп құрметтеп, оның батасын алуға асыққан. Өйткені қасиетті жерден келген кісінің дұғасы қабыл болады деп сенген. Өз кезегінде қажылықтан оралған адам қажы деген атқа лайықты болып, жақсы істерімен айналасына үлгі-өнеге көрсетуі керек", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда мүфтилер алқасы құрылды


Конференцияға Қазақстанның Сауд Арабиясы корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Берік Арын, Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Әли Ербаш, Өзбекстан мұсылмандары басқармасы төрағасының орынбасары Жалалоддин Хамрокулов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Самуддин Атабаев, Сауд Арабия корольдігі қажылық және ұмра министрлігінің ресми өкілдері, қажылық компанияларының жетекшілері, уағыз-насихат жұмыстарына жауапты имамдар мен қазақстандық 250 азамат қатысты.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары