
Бекарыстан би ауылында тұратын 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Қабақ Смағұл да аудан тұрғындарынан қалыспай дауыс берді.
Өңірдегі ең қарт сайлаушыға белсенділік танытқаны үшін 84-ші сайлау учаскесі тарапынан ардагерге шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.
"Бүгін біз үшін маңызды күн. Бұл күн еліміздің болашағын айқындайды. Бұған дейінгі сайлаулардан да еш қалып көрген жоқпын. Меніңше, әр тұрғын мұндай жауапты кезде бейжайлық танытпауы тиіс. Бүгін балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім. Бастысы, елімізде тыныштық, соның құнын білуіміз тиіс. Сол үшін ойланып, саралап, өлшеп, екшеп, ел болашағы үшін таңдау жасадым", – дейді қарт майдангер.
Бүгінгі президенттің кезектен тыс сайлауында дауыс беретін сайдың тасындай, 18 жасқа толып жатқан тепсе темір үзетін жас шабандоздар ауданға қарасты Сәкен Сейфуллин ауылдық округінде жиналып, дүбірлі додада бас қосты.
Тартысты қызу сайыс барысында №159 сайлау учаскесінің алдына салым тасталды.
Осында дауыс беруге келген азаматтар ұлттық ойынды дәріптеп, дамытып жатқан жас шабандоздарға қаржылай сый-құрмет көрсетті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚀Байқоңырда үш көшеге қазақ батырларының есімі берілді
-
235
-
0
-
6
-
-
2⚡ Пойыздардың 60 қызметкері семейлік “блогер”-бопсалаушыдан зардап шеккен деп танылды
-
225
-
0
-
1
-
-
3📣УЕФА Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны 4:1 есебімен ұтты
-
207
-
0
-
0
-
-
4🗣 48 млн теңге алған — Пойыз қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды
-
209
-
0
-
2
-
-
5"AMANAT" партиясы Фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетовтің Бас Прокурор Берік Асыловқа Павлодар облысының фермерлеріне асылтұқымды малды шетелден жеткізу кезіндегі құқықбұзушылықтар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы.
-
194
-
0
-
1
-
-
6🏒 Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Венгриядан басым түсті
-
187
-
0
-
0
-
-
7Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті болып қайта сайланды
-
200
-
0
-
0
-