"Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз". Қазақстанның 11 облысында ауа райы бұзылады

Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.

"ҚазАвтоЖол" республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жариялады. 

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, еліміздің 11 облысында ауа райы құбылмалы болады.

29 қазан күні Ақмола, Абай, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қостанай, ШҚО және Жетісу облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады. Ал Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.

"Осыған байланысты жүргізушілер қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулерін сұраймыз", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз