USD: 474.7 / 477.3
  • EUR: 541.0 / 546.0
  • RUB: 5.87 / 5.99
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Ол тұңғыш президенттің елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы құттықтауында тұңғыш президенттің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстан Республикасын құру, еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы орны мен беделін бекемдеу жолындағы тарихи миссиясын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды. 

"Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді", – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы тұңғыш президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау