Тікелей эфир

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Болашақ" бағдарламасының бағытын өзгертеміз

Президент бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлерде капитал, тәжірибе, басқарушы топ және нарық туралы терең білімі бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның білім жүйесін реформалау жоспары туралы бөлісті.

Президент мемлекеттік сектор қаншалықты ірі болса да, оның экономикалық жүйенің бір бөлігі ғана екенін атап өтті. Республикалық бюджеттің барлық бабы, зейнетақы, әлеуметтік міндеттілік және даму бюджеті бар шығыс бөлігі шамамен 15 трлн теңгені немесе ҰҚЖ-ның 20%-дан азын құрайды. Қалғанының бәрін нарық, ірі және шағын кәсіпорындар қалыптастырады.

"Тағы да айтамын, оң өзгерістер, мемлекеттің дамуы көп жағдайда бизнеске байланысты. Өндірісті дамыту, сапалы жұмыс орындарды қалыптастыру, ғылым мен білімді дамыту – міндетті түрде өзін ақтайды. Сіздер мұнымен айналысуларыңыз керек. Мысалы, білікті кадрлардың, әсіресе, техникалық мамандықтар бойынша ұстаздардың жетіспейтініне шағымданғанша, неге ірі бизнес колледждердің қамқоршылық кеңесіне кіруге, жастарды тәжірибеден өтуге қабылдап, зертхана мен шеберханаларды жабдықтауға атсалыспайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол жекелеген корпорациялардың осы бағытта жұмыс істейтініне тоқталды. Алайда бұл жұмысты көптеп ұйымдастыру қажет.

"Елдегі білім жүйесін толықтай реформалағым келеді. Бізде, экономист, заңгер, менеджер және т.б.-лары өте көп. Қазір бізге техникалық бағыттағы білімді дамыту қажет. "Болашақ" бағдарламасын қайта бағыттаймыз. Жастарымызды білім алуға, соның ішінде Ресейге жіберетін боламыз. Бірінші кезекте Ресейге шығар. Атақты техникалық ЖОО-ларға", – деп қосты мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, президент Қазақстанда техникалық мамандықтарды меңгеруге көмектесетін әлемдік ЖОО-лардың филиалын ашуды тапсырғанын айтты.

"Қазақтар, жас қазақтар, технарь болуы керек. Бұл менің сенімім. Үкімет осы мәселелерді жүзеге асыруы тиіс. Егер әрбір қаржылық өнеркәсіптік топ заманауи зауыт орнатса, ауылдардан, қала маңынан келген мыңдаған баланы оқытса, оларға адал ақша табуға мүмкіндік берсе – бұл әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды кепілі болады", – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлерде капитал, тәжірибе, басқарушы топ және нарық туралы терең білімі бар екенін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары