
Бүгін Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Сахна төріне еліміздің Мемлекеттік Туы салтанатты жағдайда шығарылып, Мемлекеттік Гимні шырқалып, көпшіліктің рухын көтеріп тастады.
Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жауынгерлерді мерекесімен құттықтады.
"Бұл – халқымызға тән батырлықтың және Отансүйгіштіктің мерекесі. Бабаларымыз ақ білектің ұшымен, ақ найзаның күшімен кең байтақ даламызды қорғап, бүгінгі ұрпаққа аманаттап қалдырған. Бабалардың аманатына адал болу – бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы. Себебі, тарих қойнауындағы ерлікке толы жеңісті жолымыз ұрпақ жадында мәңгі сақталуы тиіс. Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде ұлттық армиямыз түрлі даму сатыларынан өтіп, жылдан жылға қуаты артып келеді. Бүгінде дайындық деңгейі жоғары, жауынгерлік рухы асқақ, заманауи қару-жарақ және әскери техникамен жабдықталған. Бір ауыз сөзбен айтсақ, айбынды армиямыз – тұғырлы Тәуелсіздігіміз мен мемлекетіміздің берік қорғаны болып табылады", – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
М.Әйтеновтің айтуынша, әлемде қалыптасқан геосаяси ахуал ел Тәуелсіздігі мен территориялық тұтастықты қорғауды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қай кездегіден де өзекті мәселеге айналдырып отыр.
"Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Еліміздің тыныштығы мен жеріміздің тұтастығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген ержүрек жауынгерлеріміздің еңбегі ерен. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін қадір тұтады", – деді шаһар басшысы.
Салтанатты жиында қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар әскери қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар жиында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев Қарулы күштердің ардагерлері мен жауынгерлерді мерекесімен құттықтап, мінсіз қызмет атқарған сардарлар мен сарбаздарды марапаттады.
Жиынның соңы Шымкент әскери гарнизоны сарбаздары, қаладағы әскери оқу орындары курсанттары мен эстрада жұлдыздары қатысқан мерекелік концертке ұласты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
271
-
0
-
4
-
-
2🥉 Мария Бровкова байдаркада және каноэде есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.
-
272
-
0
-
6
-
-
3🥳Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанды
-
258
-
0
-
4
-
-
4🥈 Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
-
271
-
0
-
6
-
-
5🏘Үйлі болуды армандаған 233 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылады
-
255
-
0
-
6
-
-
6🤩🥈Ескекшілер тағы бір күміс сыйлады
-
250
-
0
-
9
-
-
7🚕Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне талап күшейеді
-
253
-
1
-
6
-
-
8🚗Ақтөбелік эвакуатордың көмегімен автокөлікті ұрлап кеткен
-
231
-
0
-
3
-
-
9Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды
-
235
-
0
-
2
-
-
10🥇 ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті
-
242
-
0
-
8
-