Сәпиев Азия ойындарына дайындық штабына көшті.
Қарағанды облыстық спорт басқармасынан кеткен Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Серік Сәпиев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорттық блогының үйлестірушісі қызметін атқарады. Бұл тағайындау биылғы жылы күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңа редакциясында қарастырылған ротация жүйесі аясында жасалған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының әкімдігі Серік Сәпиев пен оның орынбасарының жұмыстан кеткенін хабарлаған еді.
USD:
497.1 / 500.1
EUR:
588.0 / 592.0
RUB:
6.43 / 6.55