Тікелей эфир

Қарағандыдағы дүлей дауыл салдарын жою үшін төтенше жағдай жарияланады

7 қарашаға қараған түні дүлей желден 9 ғимараттың шатыры ұшып кеткен болатын.

Қарағанды қаласының басшылығы қарашаның 6-сынан 7-сіне қараған түні болған боранның салдарын жою мақсатында қала аумағында төтенше жағдай жарияламақ. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды. 

"Қарағанды қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 6 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады", – делінген қала әкімі шешімінің жобасында. 

Еске салайық, өңірде қатты соққан желден ғимараттардың шатырлары ұшып, боранда адасып қалған 7 адам құтқарылды. Электр желілері зақымдалып, қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды. 

"Өңірде 20 м/с қатты жел соғып, шатырлардың ұшу жағдайы орын алды. Барлығы 9 жағдай тіркелді. Кейбір елді мекендерде электр желілері үзілді. Ол аумақтарда қалпына келтіру бригадалары жұмыс істеп жатыр", – деген болатын Қарағанды облыстық ТЖД басшысының орынбасары Роллан Есмағанбетов. 


Оқи отырыңыз: Құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған Қытай азаматтарын құтқарды


 

Серіктестер жаңалықтары