Тікелей эфир

Қарағандыда кеншілердің жаппай қаза табуына қатысты 9 адам қамауға алынды

Қылмыстық істі тергеу аяқталып қалды.

Қазақстанның Бас прокуратурасы Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтадағы қазан айында болған қайғылы оқиғаға қатысты тергеудің жақын арада аяқталатыны туралы айтты.

"Шахтадағы жарылыстарға қатысты тергеу аяқталуға жақын. Тоғыз шахта қызметкері күдікті деп танылып, қамауға алынды", – деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында.

28 қазанда сол кездегі "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына тиесілі Костенко атындағы көмір кенішінің жерасты шахтасында бірқатар жарылыс болып, нәтижесінде 46 адам қаза тауып, 28 кенші жарақат алды. Осыдан кейін үкімет компанияның меншігін Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады.


Оқи отырыңыз: Костенко шахтасынан 46-шы кеншінің денесі табылды: іздеу жұмыстары аяқталды


Кейіннен Allur компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев компанияның жаңа инвесторы болды. Компания атауы Qarmet деп өзгерді.

Серіктестер жаңалықтары