Тікелей эфир

Қарағанды облысының тұрғыны дала бүркітін 400 мың теңгеге сатпақ болған

Интернетке жарнама жариялаған тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысында 17 жастағы азамат дала бүркітін сататыны жөнінде интернетке хабарландыру жүктеген. Қызыл кітапқа енген құсты сату жөніндегі хабарландыру қылмыстық іске негіз болды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

"Әлеуметтік желілерді қарау кезінде Қарағанды облысы Осакаров ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген дала бүркітін 400 мың теңгеге сату туралы хабарландыруды анықтады. Полиция қызметкерлері хабарландыру авторын, яғни 17 жастағы тұрғынды анықтады. Жас жігіттің айтуынша, ол құсты даладан тауып алған және оның жойылып кету қауіпі санатына жататынын білмеген. Содан жас жігіт интернет-ресурстардағы бағаларды көріп, хабарландыру жариялады" делінген баспасөз хабарламасында.

Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлеріне заңсыз қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы анықталғанға дейін дала бүркіті Қарағанды қаласының хайуанаттар бағына уақытша сақтауға берілген. 


Оқи отырыңыз: Аққұйрықты бүркіттен бөктергіге дейін. Наурызым қорығын қандай құстар мекендейді?


 

Серіктестер жаңалықтары