Тікелей эфир

Қарағанды облысындағы ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартты

Ауыл тұрғындары алкоголь өнімдерін сатылымнан алып тастауды талап етуде.

Аталған аймақта арақсыз өмір сүруге көшкен ауылдардың саны 12-ге жетті, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ақтоғай ауданы Абай ауылында 41 отбасы тұрады. Шағын елдімекеннің жұрты арақ-шарапты қоқыс жәшігіне лақтыру арқылы "Ішімдіксіз ауыл" бастамасын қолдады. Ауыл тұрғындарының мақсаты – салауатты өмір салтына бет бұрып, маскүнемдікке салынған азаматтармен күресу. Тұрғындар той-тоймалақ, қуаныштарда дастархан басына арақ-шарап қоймайтын болып келісті.

Осыған дейін Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы он ауыл осы акцияны бастап, соның арқасында дүкендер ащы суды сатуға арналған лицензиядан бас тартқан болатын.

"Ауылдастарымыз арақтан бас тартып жатқаны игі іс болды. Бас тартудың ең басты себебі – жас ұрпаққа имандылық тәрбиесін беру. Арақтың ешқандай да абырой әкелмейтнінін жақыс білеміз", – деді Абай ауылының тұрғыны Айтқадиша Айтжанова.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш ауыл нәжіс араласқан суды тұтынып отыр.


 

Серіктестер жаңалықтары