Қарағанды облысында ірі есірткі тасымалдау арнасын әшкерелеу барысында 75 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Жедел іс-шаралар кең ауқымды "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті тыйым салынған заттарды теміржол арқылы алып өтпек болған.
Вокзалда тексеру кезінде оның қол жүгінен өсімдік тектес есірткі заттары – шамамен 20 келі марихуана мен гашиш табылды. Сонымен қатар, вокзал маңындағы көлігін тексергенде багажынан орауыш таспамен қапталған екі ірі брикет анықталды. Сараптама қорытындысы олардың да марихуана екенін көрсетті.
Жалпы тәркіленген есірткі көлемі 20 келіден асты. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция өзге тұлғалардың да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63