
Болжам бойынша барлық өңірде жел соғады.
"Қазгидромет" РМК 17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, елімізде кезекті солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі.
Көптеген өңірлерде жаңбыр, кей жерлерде қар жауады. Ал батыс пен орталық аймақтарда антициклон жотасының ықпалынан күн ашық, жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанған. Оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, шаңды дауыл болуы мүмкін.
Түнгі уақытта кейбір аймақтарда 1-3 градус үсік күтіледі. Атап айтқанда:
- Ақмола облысының солтүстік-батысы;
- Ақтөбе облысының солтүстігі;
- Қостанай облысының батысы мен шығысы;
- Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігі;
- Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысы;
- Алматы облысының шығысы мен таулы аудандары;
- Жетісу облысының солтүстігі мен орталығы;
- Жамбыл облысының оңтүстігі.
Осы аймақтарда топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін.