"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде бірнеше күн бойы ауа райы тұрақсыз болады.
"14-15 қыркүйек аралығында солтүстікте, 16 қыркүйекте республиканың солтүстік-батысында, барлық кезеңде таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы облыстарда түнде жауын-шашын болып, ылғалды қар жауады", – деп жазылған хабарламада.
Метеорологтар атап өткендей, ауа температурасына қатысты айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар 400 жылда бір рет ұшатын Нисимура кометасын қашан және қай жерде көре алады?
Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3+10, күндіз +13+20 градус, оңтүстікте түнде +7+15, күндіз +18+25 градус жылы болады.
USD:
481.7 / 484.7
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.83 / 6.03