Қант диабетімен күресіп жатқан 500 мың отандасымыз көмексіз қалды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Бүгінде елімізде жарты миллионнан астам адам қант диабетімен ауырады.

Қант диабеті әлеуметтік маңызы бар аурулардың қатарынан алынып тасталды. Сәйкесінше, бұл дертпен күресіп жатқан жарты миллионға жуық қазақстандық медициналық көмексіз қалды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы. 

Жаңа заңға осы ауруға шалдыққан тұрғындар наразы. 21 жастағы Наиль Закишев 9 жасынан бері осы қант диабетімен күресіп келеді. Жаңа заңның шығуы студенттің денсаулығына да, қалтанысына да салмақ. Онсыз да 18 жастан асқаннан кейін инсулин помпаларын тегін пайдалану құқығынан айрылған студент үшін бұл заң қиындық туғызады. 

"Мен өз шығындарымды өзім толық өтей алмаймын. Себебі мен студентпін. Қосымша жұмыс істеймін, оқимын, оқуға да төлеу керек. Бұл өте қиын. Ал денсаулығыма қатысты айтар болсам, мен өмір бойы инсулинді помпа мен сенсорлы аппаратпен өмір сүріп келемін. Әркез мен қант мөлшерін біліп отыруым керек. Бірақ соңғы уақытта бұл аппаратқа менің ақшам жетпейді", – деді студент Наиль Закишев. 

Бүгінде елімізде жарты миллионнан астам адам қант диабетімен ауырады. Ал бұл сырқат инфаркт пен инсульттің негізгі себептерінің бірі. Сондықтан мұндай ауқымды мәселе қараусыз қалмау керек дейді мамандар. 

"Қазақстан эндрокринологиялық орталығы жоқ жалғыз мемлекет. Ауру өте көп, бірақ оны емдейтін орталық жоқ. Демек бізде ұлттық стратегия жоқ. Біз ғана қант диабетіне жеңіл қараймыз. Біз тек көмекті шет мелекеттерден сатып алып жатырмыз. Мысалы, биыл 60 миллиард теңгеге препарат алсақ, келесі жылы ол 70 миллиарад болады. Бұл министрлікке шығын. Сондықтан осындай шешімге келіп отыр", – деді медицина ғылымдарының кандидаты Жанай Ақанов. 

Қант диабеті ауруы қазіргі таңда әлеуметтік мәселеге де айналып отыр. Күн санап, диабет ауруына шалдығатындар саны көбеюде. Сондықтан олар аталмыш дертті әлеуметтік маңызы бар аурулар тізіміне қайтаруды сұрайды. Ал денсаулық министрлігі көпті алаңдатқан мәселеге әзірге жауап берген жоқ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары