Тікелей эфир

Қаламгерлер кітабын шығару үшін мемлекеттен грант ала алады

Грант қаржысы кітап шығаруға, оны кітап дүкендерінде сатуға жұмсалады.

Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова мәжіліс депутаттарының сауалына орай, Қазақстанда қаламгерлерді қолдау шаралары туралы айтты. 

Дүйсенованың сөзінше, қазіргі таңда "Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және оны басып шығару жөніндегі қағидаларына" өзгертулер енгізіліп жатыр. Оның аясында енді қаламгерлер мемлекеттен кітап шығаруға грант түрінде көмек ала алады. 

"Жаңа қағида бекітілгеннен кейін қаламгерлер қаламақы, қайта басып шығару бағыттарынан бөлек жаңа туындысын кітап ретінде басып шығарып, кітап дүкендеріне сатылымға қоюға грант алатын болады. Авторлық құқығы автордың өзінде қалады. Бұл қаламгерлер мен баспагерлерге елеулі қолдау болмақ", – деді Тамара Дүйсенова. 


Оқи отырыңыз: Ертегіден естелікке дейін: Министрлер мен депутаттар жазда қандай кітап оқыды?


Еске салайық, бір топ мәжіліс депутаты отандық кітап басып шығару ісін субсидиялау форматын өзгерту туралы ұсыныс айтқан болатын. 

"Қолданыстағы форматтың әлсіз жақтары – субъективтілік, формальдылық, ал кейбір тұстары сыбайлас жемқорлықтың бар екенін көрсетеді. Жағдайды өзгерту үшін мемлекеттік тапсырысты Президент айтқан нақты ұлттық құндылықтар бойынша шығармалар әзірлеуге бағыттаған жөн. Сапасы жоғары, сұранысқа ие контент жасай алатын авторлармен ұзақ мерзімді келісімшарттар қажет", – деген болатын депутаттар. 

Серіктестер жаңалықтары