20-21 мамырда Алматыда "Бірінші мамыр тоғаны" саябағының аумағында Рахат Fest фестивалі өтеді.
Фестивальдің алғашқы күні Банд'Эрос, Hiro, Айқын өнер көрсетсе, екінші күні Пицца, Ninety One, Қайрат Нұртас және 101 тобы ән шырқайды.
Фестивальді ұйымдастырушылар сәнді фотоаймақтар, аналарға арналған wellness&beauty бұрышын, әкелерге арналған 21+ арнайы аймақтар, балаларға арналған жайлы балалар аймақтарын әзірледі. Отыратын орындар барынша көбейтіліп, бүкіл отбасына арналған вип-самалжайлар ұйымдастырылады.
Ауқымды шараның әр күнінде 4500-ден 6500-ге дейін адам келеді деп болжанып отыр. Қонақтарға 30 мейрамхана мен 15 бар дәмді ас пен сусындар ұсынады. Фестиваль аясында бағалы жүлделер ойнатылады.
"Рахат Fest – бірнеше іс-шараны біріктіретін алғашқы фестиваль. Қуатты line-up бар музыкалық концерт, онда 10 хэдлайнер өнер көрсетеді, нағыз ауқымды тамақ пен сусын фестивалі және демалуға арналған ыңғайлы аймақтары, сәнді фотоаймақтары, бағалы жүлделер ұтыстары болатын және белсенді шаралар өтетін бүкіл отбасына арналған мереке. Біз қаламыздың ең стильді, талантты әрі сезімтал тұрғындарын бір алаңға жинап, көктемді бірге шығарып салып, жазға дайындалғымыз келеді", – деді фестивальді ұйымдастырушы Sadu Media Group жетекшісі Полина Ахметова.
10 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін, бірақ жанында ата-анасы болуы керек. 18 жастан асқандар ғана ата-анасының қарауынсыз жүре алады. Саябақты кәсіби күзет қызметі қорғайды. Аумақта биодәретханалар орнатылады, іс-шара күндері шомылуға қатаң тыйым салынады.
Рахат Fest-ке баратындарға Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы, Байтұрсынов көшесі бойындағы көлік тұрағынан австобуспен жетуге болады. Бірінші мамыр тоғандарынан қайтадан қалаға тасымал көлігі фестивальдің басты көлік тұрағына кіреберісте күтеді.