Тікелей эфир

Қабірді қайта ашуға шариғат рұқсат ете ме?

ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі қабірді ашуға болатын үш жағдайды атады.

Шариғатта қабірді қайта ашу үкімі белгіленген. Бұл туралы Мүфтият сайтында ҚМБД Ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлы түсініктеме берді

"Шариғаттың жерленген қабірді қайта ашу туралы үкіміне сәйкес, егер оны бостан босқа, яғни бекер ашса, ол үлкен күнә, харам болады. Қабірді тек зәрулік жағдайында ғана ашуға рұқсат. Мәселен, жерленген мәйіт жатқан жерді су басып, мәйіт су астында қалса, қабірді ашуға болады Болмаса, мәйіт біреудің жекеменшік жерінде жерлеріп, меншік иесі мәйітті алып кетуін талап етсе, қабірді ашуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, қылмыстық істі анықтау қабірді ашпаса мүмкін болмаған жағдайда, яғни тек соған тіреліп тұрса ғана шариғат қабірді ашуға рұқсат береді", – деді Ғұламалар кеңесінің мүшесі. 

Сансызбай Құрбанұлының айтуынша, қайтыс болған адамның, яғни мәйіттің сүйегін сындыру тірі адамның сүйегін сындырғанмен бірдей.  


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары