Тікелей эфир

Прокурорлар Жетісу облысындағы 170 миллион теңгенің жерін мемлекет қорына қайтарды

Прокуратураның қадағалау актісінен кейін облыстағы 114 жер телімі мемлекет қорына қайтарылды.

Жетісу облысында жалпы көлемі 155 гектарды құрайтын 114 жер телімі мемлекет қорына қайтарылды. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады.

Аталған жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Учаскелердің кадастрлық құны 170 млн теңгеден асады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жер заңнамасын бұзғаны үшін жерді мемлекетке қайтарған.


Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстандағы шекаралық жерлер мемлекетке қайтарылды


Осы жылдың өткен кезеңінде мемлекетке барлығы 500 млн теңгеден астам сомаға 53 мың га жер қайтарылды.

Серіктестер жаңалықтары