Прямой эфир Новости спорта

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Гүлмира Сатыбалды озбырлық жасады және адам ұрлады деп айыпталып отыр.

Прокурор Қазақстанның тұңғыш президентінің жиені Қайрат Сатыбалдының әйелі Гүлмира Сатыбалдыға 8 жыл жаза сұрады.

Сотталушы озбырлық жасады және адам ұрлады деп айыпталып отыр. Айыптаушы тараптың айтуынша, ол 2022 жылдың маусым-қыркүйек аралығында моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовты өз компаниясының 43 пайыз акциясынан бас тартуға мәжбүрлеген.

Сонымен қатар, айыптаушы тарап 2020 жылдың күзінде сотталушы екі ер адамның көмегімен кәсіпкер Айгүл Мекешеваны Жандосов ауылындағы саяжайға алып кеткен деп есептейді. Жәбірленушіге қысым көрсетіп, компаниядағы 75 пайыз акциясынан бас тартамын деп қорқытқан.

Сот отырысы Астана қаласы Байқоңыр ауданының No2 сотында өтіп жатыр. Бұған дейін сотталушы адам ұрлау емес, озбырлық жасағаны үшін кінәсін ішінара мойындаған.


Оқи отырыңыз: Гүлмира Сатыбалды ісі: Адвокаттар қылмыстық істерді біріктіріп, үйқамаққа шығаруды сұрады


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары