Тікелей эфир

Прокурор Байжановқа Нүкенованы өлтіруге қатысты айыпты өзгертуді сұрайды

Судья сот отырысын Байжановқа жаңа айыптау актісін бергенше кейінге қалдырды.

Прокурорлар сотталушы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыс туралы хабарламады деген айыпты алып тастауды сұрады.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушы Байжановтың әрекетін саралау бойынша сот тергеуін қайта бастауды сұрады. Судья өтінішті қанағаттандырды.

"Айыптаушы тарап Байжановқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы, яғни қылмыс туралы хабарламау бойынша айыптаудан бас тартады және Байжановқа қатысты ҚР ҚК 432-бабында көзделген «Аса ауыр қылмысты алдын ала уәде бермей жасыру» қылмысын жасады деген айыппен қылмыстық істі қарауды жалғастырады" – деді прокурор Саяхат Нұрбеков.

Прокурордың айтуынша, 2023 жылдың 9 қарашасында түнде ұрып-соққаны туралы білген Байжанов Бишімбаевтың тапсырмасымен Bau мейрамханасына келген. Содан кейін көрпелерді VIP кабинаға апарған. Ол жерде ес-түссіз жатқан Нүкенованы сау адамға тән емес шалқайып жатқан күйде, бетінде және денесінің басқа да көрінетін жерлерінде көптеген жарақаттар бар екенін көрген.

Сонымен қатар, прокурор атап өткендей, Байжанов кабинаның ішіндегі тәртіпсіздікті: есіктің зақымдануын, ыдыс-аяқтың сынғанын, қанды, шаштың жұлынуым байқап, Бишімбаевтың Нүкенованы тағы да ұрғанын түсінген.

"Сағат 10.22-де Гастроорталық әкімшісі Смаиловадан Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің мейрамхананы тексеруге келгені туралы хабарламаны алғаннан кейін Байжанов оны ашпау туралы нұсқау берген. Яғни жасалған қылмысты жасыру мақсатында мемлекеттік мекеме қызметкерінің мейрамханаға кіруіне кедергі ұйымдастырмақ болған. Одан кейін Бишімбаев пен Нүкенова тұрған VIP кабинаға бөтен адамдардың кіруіне жол бермеу үшін Байжанов гүл салынған ағаш жәшікпен VIP кабинаға кіретін жолды жауып тастаған", – деп прокурор жаңа айыпты оқып берді.


Оқи отырыңыз: "Бұл – бұзылған төртінші есік". Байжанов жанжал кезінде Бишімбаевтың өзін қалай ұстағанын айтып берді


Оның айтуынша, Байжанов мейрамхана әкімшісінен мейрамханаға әйелдер киімін әкелуді, сонымен қатар мекеме қызметкерлерін жұмыстан шығаруды сұраған.

"Сағат 13.21-де Бишімбаевтан бейнебақылау камераларынан барлық бейнежазбаларды жою туралы хабарламаны алғаннан кейін, Байжанов Нүкенованың қайтыс болғанын біліп, дереу Гастроорталық әкімшісі мен жалға беру бөлімінің басшысына қолда бар барлық бейнені өшіруді бұйырды. Ол Bau мейрамханасынан ғана емес, бүкіл Гастроорталық ғимаратынан алынған жазбалады өшіруді сұрадыр", – деді Саяхат Нұрбеков.

Бұдан кейін айыптаушы тараптың айтуынша, Байжанов Бишімбаевтың тапсырмасы бойынша жедел әрекеттерге кіріскен: ол Нүкенованың телефонын тауып алып, геолокацияны сақтау үшін фитнес-орталыққа барған, содан кейін смартфонды үйіне беріп жіберген.

Судья сот отырысын Байжановқа жаңа айыптау актісін бергенше кейінге қалдырды. Келесі сот отырысы 2 мамыр күні сағат 10:00-де өтеді.

Серіктестер жаңалықтары