Тікелей эфир

Президент: Үкімет пен әкімдер омбудсмен өкілдерін барлық кеңесші органның жұмысына қатыстыруы қажет

Мемлекет басшысы бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі балалар мен отбасына төнетін қатерлерді жоюға тиімді ықпал етуге тиіс екеніне тоқталды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев омбудсмен мен арнайы мандатқа ие уәкілдер қызметінің тиімділігін арттыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

"Олардың мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге қатысу әлеуетін арттыру маңызды. Сонымен қатар Үкімет пен әкімдер омбудсмендердің өкілдерін барлық кеңесші органның жұмысына қатыстыруы қажет. Уәкілдердің басты міндеті – азаматтардың мүддесі мен құқықтарын табанды түрде қорғау және ілгерілету", – деді мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі балалар мен отбасына төнетін қатерлерді жоюға тиімді ықпал етуге тиіс екеніне тоқталды. 


Оқи отырыңыз: "Бұрын жылына 5 мәселе қаралған": Конституциялық Сот алғашқы жеті айда 43 істі қарауына алды


"Ол үшін осы саладағы уәкіл қоғамдық және мемлекеттік институттарды ұйыстыру мүмкіндіктеріне ие болуы керек. Үкімет Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын одан әрі дамыту, оның инфрақұрылымын және жергілікті жерлердегі өкілдіктерінің мәртебесін нығайту мәселелерін пысықтауы қажет", – деді президент. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары