Прямой эфир Новости спорта

Президент Үкіметке шағын және орта бизнеске карантиндік шектеу шараларын жеңілдетуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шектеулерін қайта қарауды тапсырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі эпидемиологиялық жағдайда шағын және орта бизнеске карантиндік шектеу шараларын жеңілдетуді тапсырды.

"Мұндай жағдайда шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шараларын, әсіресе қызмет көрсету саласында, шектеу қаншалықты ұтымды, олар қаншалықты нәтижелі? Үкіметке айтарым, бұны қайта қарау керек. Бұл жағдайда ШОБ-ты тұншықтырып, экономикада теңсіздік жасау не керек?" деді президент бизнес өкілдерімен кездесуде.


Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев: "Болашақ" бағдарламасының бағытын өзгертеміз


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары