USD: 475.5 / 478.3
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Президент шетелге негізсіз қаражат шығарып жатқандарды тексеруді тапсырды

Қазірдің өзінде кейбір тұлғалардың шоттарында қозғалыстар тіркелген.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне елден негізсіз қаражат шығаратын тұлғаларды нақты бақылау мен оларды тексеруді тапсырды.

"Төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты жекелеген қаржы-өнеркәсіп топтарының капиталын шетелге шығару қаупі жоғары. Оның ішінде жалған келісімшарт жасасу арқылы болуы мүмкін. Кейбір тұлғалардың шоттарындағы қозғалыстарды тіркедік. Сондықтан Ұлттық банкке ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, барлық транзакция мен елден негізсіз қаражат шығаратын тұлғаларды нақты бақылауды және тексеруді қамтамасыз етуді тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінің отырысында.

Мемлекет басшысы осыған дейін Қазақстан даму банкі санаулы тұлғаның жеке банкіне айналғанын, сол себепті үкіметке оның жұмысын қайта құрыду тапсырған болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау