Президент адал әрі ашық жұмыс істейтін бизнес өкілдеріне барлық жағдай жасалатынын айтты.
Мемлекет басшысы "Стратегиялық нысандар" ұғымын айқындау тәсілін қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. Осы орайда, аймақтық маңызы бар стратегиялық нысан ұғымын енгізуді ұсынды. Мұнымен қатар, геосаяси жағдайда бұл мәселенің өзектілігі артып отырғанына тоқталды.
"Бұл – әлемдік тәжірибе. Бәрін ойланбай өзгерте беру экономикалық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін. Қазіргі геосаяси жағдайда бұл мәселенің өзектілігі тіпті арта түсті. Қазақстан салмақты және дербес экономикалық саясат жүргізуі керек. Қоғамдық ресурстар қолжетімді болуы үшін ашық аукцион қағидаттарын басшылыққа алу қажет. Бизнес өкілдері барлық міндеттемелерін адал орындау үшін тиімді бақылау жүйесін орнату керек. Монополистерге қарсы қозғалған істер бойынша сапалы жұмыс атқарылуға тиіс. Ол үшін қазылардың білікті болуы аса маңызды. Қазір заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жұмысы жандана түсті. Қайтарылған активтер мен мүліктер қолды болып кетпеуі керек", – деді президент.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қаражаттың толығымен экономиканы дамытуға жұмсалуы қажет екенін айтып, бизнес өкілдерін жаңа жұмыс орындарын құруға шақырды.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Табиғи байлық бұдан былай еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайды
"Осы орайда қаржыны қайтарып, елімізді өркендетуге атсалысқысы келетін азаматтарға мынаны айтқым келеді. Жаңа индустриялық жобаларға қаржы салыңыздар. Қазақстанда жаңа өндірістер ашып, жаңа жұмыс орындарын құрыңыздар. Сонда мұндай активтерге және оның иелеріне қатысты ешқандай мәселе туындамайды. Тағы да қайталап айтамын. Біз адал әрі ашық жұмыс істейтін бизнес өкілдеріне барлық жағдайды жасаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
270
-
0
-
2
-
-
2🤑 Абай облысында таныстарын 21 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды
-
271
-
0
-
0
-
-
3💸 KEGOC акциялары SPO-ға шығады
-
264
-
0
-
2
-
-
4🇰🇿 Тоқаев ЕҚЫҰ басшысына: Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады
-
276
-
0
-
0
-
-
5🛍 "Кел де ала бер". Түркістан облысында мұқтаж жандарға арналған тегін дүкен ашылды
-
303
-
0
-
3
-
-
6🪖 "Барлық мәселе тәрбиеде": Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік пен суицид туралы
-
328
-
0
-
0
-
-
7🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
292
-
0
-
0
-
-
8😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
291
-
0
-
0
-
-
9😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
296
-
0
-
0
-
-
10🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
276
-
0
-
0
-