Президент қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановты "Отан" орденімен марапаттады

Қуаныш Сұлтанов. Фото: Сенаттың сайты
Қуаныш Сұлтанов. Фото: Сенаттың сайты
Қуаныш Сұлтанов Мәжіліс және Сенат депутаты қызметтерін атқарған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановты "Отан" орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

"Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов "Отан" орденімен наградталсын", – делінген президент жарлығында. 

Қуаныш Сұлтанов 1945 жылы дүниеге келген. Мамандығы – журналист. Сондай-ақ, Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Саяси ғылымдар докторы. 

"Қарлығаштар", "Жастардың аяқ алысы", "Қазақстан комсомолы", "Уақытпен бетпе-бет". "Қазақстан-Қытай: тарих және қазіргі заман", "Қазақстан-Қытай: құжаттар мен материалдар жинағы", "Алыптың оянуы (қытай реформасы туралы очерктер)" кітаптарының авторы. 

1991-1993 жылдары баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі, кейін премьер-министрдің орынбасары, Қазақстанның Қытай, Солтүстік Корея, Вьетнам және Моңғолиядағы елшісі қызметтерін атқарды. Мәжіліс және Сенат депутаты болды. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары