Бұл жұмыс алдағы екі жыл ішінде аяқталуы тиіс.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келіп, өңір жұртшылығымен кездесті, деп хабарлады Борт №1.
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының туристік әлеуетін дамытудың маңызы туралы айтты. Бұл ретте жол сапасын арттыру қажет.
"Қарағанды облысы еліміздің дәл ортасында орналасқан. Оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын ең басты күре жол осы өңірді басып өтеді. Аймақты дамытуға автокөлік жолдарының сапасы айрықша ықпал ететіні анық. Қазір Орталық – Оңтүстік көлік дәлізі салынып жатыр. Балқаш қаласы арқылы өтетін жолдың құрылысы өте баяу жүріп, мерзімі қайта-қайта кейінге қалуда. Үкіметке "Қарағанды – Балқаш" және "Балқаш – Бурылбайтал" тас жолын келесі жылы салып бітіруді тапсырамын. Сонымен бірге, "Қарағанды – Жезқазған" күре жолы да аса маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ұзындығы 500 шақырымнан асатын жол жөнделсе, орталық өңірлерге барыс-келіс жақсаратынын айтты.
"Жүк тасымалы көбейеді. Бұл Ұлытау облысын дамытуға зор септігін тигізеді. Екі облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндігін арттырады. Осы жолды жөндеу жұмысына алдағы жылы дереу кірісу керек. Сондай-ақ, "Қарағанды – Қарқаралы" тас жолын жөндеуді тапсырамын. Қарқаралының туристік әлеуетін арттыру мақсатында бұл жұмысты алдағы екі жылдың ішінде аяқтау қажет", – деді мемлекет басшысы.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚌 Астанада бірнеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді
-
373
-
0
-
0
-
-
2🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
379
-
0
-
0
-
-
3🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
408
-
0
-
2
-
-
4📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
319
-
0
-
0
-
-
5🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
297
-
0
-
0
-
-
6💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
265
-
0
-
0
-
-
7👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
253
-
0
-
0
-
-
8🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
235
-
0
-
0
-
-
9☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
245
-
0
-
0
-
-
10👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
188
-
0
-
0
-