Президент: Өңірлік дағдарыс жаһандық тоқырауға ұшыратады деген қауіп бар

Елде азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттаған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. 

Отырыс барысында мемлекет басшысы ұлттық банктің инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру үшін жұмыстар жүргізуі тиіс екенін айтты. 

"Халықаралық институттар әлемдік экономика қарқыны бәсеңдейді деген болжам айтуда. Соған сәйкес инфляция жаппай өсуі мүмкін.Өңірлік дағдарыстың ұзаққа созылып бара жатқанын байқап отырмыз. Тіпті, бұл ахуал жаһандық тоқырауға ұшыратады деген қауіп бар. Осындай жағдайда үкіметтің және ұлттық банктің негізгі міндеті – инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру болуға тиіс. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет", – деді мемлекет басшысы. 

Мұнымен қатар, президент бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер еткенін айтты. Оның деңгейі 19,2 пайызды құрап отыр. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Инфляция көрсеткіші 2015 жылғы деңгейден асып түсті


"Жалпы, азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттады. Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни, қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр. Ал, шын мәнінде, керісінше болуы керек. Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным жоқ", – деді мемлекет басшысы. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары