Мемлекет басшысының туған күніне орай ешқандай іс-шара өткізілмейді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Оның айтуынша, 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады.
"Туған күнге орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді", – делінген хабарламада.
USD:
460.3 / 463.1
EUR:
540.0 / 545.0
RUB:
5.93 / 6.05