Президент: Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді

Президент жақында Apple компаниясы қазақ тілін iOS-тың тілдер жүйесіне қосқанын атап өтті.

Президент Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында қазақ тіліне қатысты пікір білдірді. Айтуынша, қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр.

"Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді мүлде салыстыруға келмейді. Мемлекеттік тілдің тұғыры күн өткен сайын нығайып келеді. Оған қоса, әлемнің басты ақпарат құралдары қазақша шығып жатыр", – деген президент жақында Apple компаниясы қазақ тілін iOS-тың тілдер жүйесіне қосқанын атап өтті.

Сонымен қатар әлемнің 40 тілінде тарайтын Nickelodeon телеарнасы қазақша көрсетіле бастадығанын, National Geographic журналы 6 жылдан бері қазақ тілінде жарық көріп келе жатқанын жеткізді.

"Осындай көптеген жағымды жаңалықтар бар. Сондықтан, қатты алаңдауға негіз жоқ деп ойлаймын. Десек те, осы саладағы жұмысымызды даңғаза жасамай, табандылықпен жүргізуіміз қажет.Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді. Бұған ешқандай күмән болмауы керек", – деді президент.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары