Президент "Қапал-Арасан" шипажайын қайта жаңғырту қажеттігін айтты

Шипажай – ХІХ ғасырда ашылған Қазақстандағы алғашқы емдеу-сауықтыру орны.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуде өңірдің керемет табиғаты және ерекше ауа райы сауықтыру орындарын дамыту үшін өте қолайлы екеніне назар аударды.

"Осы мүмкіндікті өңірдегі медицина орталықтары тиімді қолдануы керек деп ойлаймын. Онда заман талабына сай емдеу және оңалту бағдарламаларын қолға алуға болады. Емдеу-сауықтыру туризмінің болашағы зор. Осы аймақта кезінде "Қапал-Арасан" шипажайы өте танымал болатын. Бұл – сонау ХІХ ғасырда ашылған Қазақстандағы алғашқы емдеу-сауықтыру орны. Осы шипажайды қайта жаңғырту мәселесін қарастырған жөн", – деді президент.


Оқи отырыңыз: 5 жылда Қазақстанда өндірілетін қанттың үлесі 7 пайыздан 43 пайызға дейін өседі


Мемлекет басшысы, сондай-ақ ұлт саулығын жақсарту үшін балалар спортын және бұқаралық спортты насихаттау керектігіне мән берді.

"Елімізде "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Онда 2025 жылға қарай дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесін 50 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған. Қазір Жетісу облысында бұл көрсеткіш – 34 пайыз. Көздеген мақсатқа жету үшін спорт инфрақұрылымын дамыту қажет. Мұны, әсіресе, ауылдық жерлерде қолға алған жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары