USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Орал студенттерімен кездесті

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Орал студенттерімен кездесті
Кездесуде ол жастармен бірге ел әлеуетін арттыру туралы пікірлерді ортаға салды.

Оралдағы "ҚазИИТУ" ғылым-білім кешеніндегі студенттер сарайында президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен кездесу өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, облыстық "Орал өңірі" газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, "ҚазИИТУ" ғылым-білім кешенінің құрылтайшысы, Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті Ақсерік Әйтімов, сондай-ақ өңірдегі жоғары және арнайы орта білім беретін оқу ордаларының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жиылған жұрт алдымен студенттер сарайының кіре беріс залында жасақталған көрмеге шолу жасады. Мұнда Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің (ҚазИжТЖУ) студенттері мен Ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде білім алатын оқушылардың құрастырған тың технологиялық құрылғылары бар. 

Көрме таныстырылымынан соң президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлымен кездесу өз жалғасын тапты. Алқалы жиын барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда көтерген мәселелері мен ел әлеуетін ілгерілету мақсатында айтылған ой-пікірлері ортаға салынды. Алғаш боп сөз алған "ҚазИИТУ" ғылым-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлы ғылым және білім саласындағы мемлекеттік қолдауларды атап өтті. Сондай-ақ өңірдің білім саласындағы жарқын жетістіктеріне тоқталды.

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Батыс Қазақстан облысындағы айрықша жобаларды сөзге өзек етіп, білікті мамандардың білімін жоғары бағалайтынын айтты. Жас ғалымдар мен студенттерді оқуға, ізденуге шақырып, болашақтың кепілі білім екенін алға тартты.

Нұрым Ғұмар, "Орал өңірі" басылымы

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау