Президент елге еңбегі сіңген әйелдерді марапаттады. Олар кімдер

Марапат иелерінің қатарында дәнекерлеуші, кран машинисі және троллейбус жүргізушісі бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлады Ақорда. 

Олардың қатарында: 4 еңбек ардагері, 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері, 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері, 6 кәсіпорын басшысы, 3 қоғамдық ұйым өкілі, 7 мемлекеттік қызметкер, 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі "Айбын" ордені:

  • Айтмағамбетова Жұлдыз Рахымқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы;
  • Ахметова Айман Рахмеджанқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі;
  • Әбуева Анаргүл Аманжолқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы;
  • Канкина Құралай Темірболатқызы – Бас Прокурордың аға көмекшісі;
  • Мұсатаева Балжан Төлеужанқызы – Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі.

"Парасат" ордені:

  • Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – "Қарақат" мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы;
  • Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты;
  • Құспан Айгүл Сайфоллақызы  – Парламент Мәжілісінің депутаты;
  • Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы" КМҚК әншісі-әртісі. 

"Құрмет" ордені:

  • Абиева Раиса Леонидовна – "Абиев А.А." ШҚ басшысы, Жетісу облысы;
  • Ағыбаева Раиса Мұхамедиқызы – Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы;
  • Айтбаева Шолпан Сашкенқызы – еңбек ардагері, Астана қаласы;
  • Әбдірайымова Тілеукүл Шайымқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" РМК Жамбыл филиалы "Шу" өндірістік бөлімшесінің инженері;
  • Әбенова Күлпаш Қайроллақызы – Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК жұмысқа тартылатын бағалаушысы;
  • Әзімқұлова Әділет  Срадинқызы  – еңбек ардагері, Түркістан облысы;
  • Гияги Роза Римовна – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Шымкент магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Арыс жол дистанциясының диспетчері, Түркістан облысы;
  • Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы –  "М. Шоқай атындағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі (IT мектеп-лицейі)" КММ мұғалімі, Қызылорда облысы;
  • Елеуова Қаракөз Темірбекқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;
  • Земляная Людмила Дмитриевна – "Жер су" ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы;
  • Кәпенова Гүлмира Амангелдіқызы – "BESTKZ.KST" ЖШС басшысы, Қостанай қаласы;
  • Қанапина Гүлнар Бекежанқызы – "Қазақстан Алюминийі" АҚ гидрометаллургы-аппаратшысы, Павлодар облысы;
  • Қараева Бибігүл Атшыбайқызы – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 14 жалпы білім беретін мектеп" КММ мұғалімі;
  • Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы – "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС бас директоры;
  • Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы – "Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі" МКҚК директоры, Ақтөбе облысы;
  • Одинцова Маргарита Владимировна – Жоғарғы Соттың судьясы;
  • Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы  –  "Назарбаев университет" ДББҰ вице-провосты, Астана қаласы;
  • Үмбеталина Марал Әбдірашқызы  – "Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКҚК дәрігері, Шымкент қаласы;
  • Хамитова Алмагүл Мәжитқызы –  "Желаев нан өнімдері комбинаты" АҚ директоры, Батыс Қазақстан облысы;
  • Хорошаш Ғалия Нәсіболлақызы – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұлттық госпиталі" РМК дәрігері. 

III дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордені:

  • Қамбарова Баянгүл Қожабергенқызы  – "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС филиалы "Қ. Сәтбаев атындағы "Жезқазғантүсмет" ӨБ электрмен дәнекерлеушісі;
  • Мадимарова Анар Серікбайқызы – "Тараз металлургиялық зауыты" ЖШС шикіқұрамшысы, Жамбыл облысы;
  • Нұрғалиева Зинагүл Әбенқызы – "Altyntau Kokshetau" АҚ шикіқұрамшысы, Көкшетау қаласы;
  • Санқыбаева Бахытгүл Қуанышбайқызы –  "Ақ Жайық-7" ЖШС вагон жөндеу депосының кран машинисі, Атырау қаласы;
  • Сәрсенова Ботагөз Ғабитқызы – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Ерейментау жол дистанциясының жол шебері. 

"Ерен еңбегі үшін" медалі:

  • Арпабаева Бибігүл Төлегенқызы – "Өскемен ЖЭО" ЖШС отын-көлік цехының аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы;
  • Әбелдинова Надежда Николайқызы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер жөніндегі офицері;
  • Бәкірова Қарлығаш  Тастанбекқызы – "№ 13 қалалық емхана" МКК дәрігері, Астана қаласы;
  • Жамалиева Әлима Аманжолқызы  –  Ішкі істер министрлігі Астана қаласы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі;
  • Жолдыбаева Маржан Жолдыбайқызы  – "Кажсервис" ЖШС Қарағанды облыстық филиалының жол жұмысшысы;
  • Игбаева Меруерт Асылханқызы – Сыртқы істер министрлігі департамент директорының орынбасары;
  • Қожамсейітова Мақпал Қамашқызы – "Алматыэлектротранс" ЖШС троллейбус жүргізушісі, Алматы қаласы;
  • Молдыбаева Гүлшарат Тоқанқызы – "Астана-АЭК" АҚ жедел-диспетчерлік қызметінің операторы;
  • Русинова Ольга Владимировна – "Қазтелерадио" АҚ бөлім басшысы, Алматы қаласы;
  • Сарымсақова Айна Абылайқызы –  Шымкент қаласы № 7 округтік сайлау комиссиясының төрағасы;
  • Сәрсембаева Жанаркүл Оразалықызы  – "Almaty turmystyq tehnika zavody" ЖШС сапа инспекторы, Алматы облысы;
  • Табергенова Айгүл Олжабайқызы – "Дара" қайырымдылық қоры "Ерте қолдау" жобасының жетекшісі, Астана қаласы;
  • Тұрсынқанбетова Еркежан Саятқызы – "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" КҚ бас директорының орынбасары;
  • Шек Наталья Анатольевна  – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас маманы, Астана қаласы. 

"Шапағат" медалі:

  • Әлімбаева Динара Төлегенқызы – "Қарағанды қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ аға мейіргері;
  • Әуренова Мәдина Дәулетханқызы – "DEMEY" оңалту және түзету орталығы" ҚБ төрағасы және негізін қалаушы, Шығыс Қазақстан облысы;
  • Васина Светлана Станиславовна – "Moon-Ай" музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы;
  • Жақыпова Жанар Бексұлтанқызы – "New Decision Group" ғылыми-зерттеу агенттігі" ЖШС басшысы, Алматы қаласы;
  • Михеева Елена Валериевна – "Moon-Ай" музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы;
  • Орынбаева Алтынай Романқызы – "Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы" КММ бөлім бастығы;
  • Уайысова Гүлмәрия Қажағалиқызы – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің мал дәрігері. 

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы:

  • Аханова Бақытжан Омарғалиқызы – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының білім басқармасы "Балалар музыка мектебі" КМҚК директоры. 

"Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы:

  • Үкібасова Талшын Мұқадесқызы  – "University medical centre" корпоративтік қорының бас консультанты, Астана қаласы. 

"Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы" құрметті атағы:

  • Шелудько Ольга Николаевна – Өнеркәсіп және құрылысы министрлігі "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" РМК Оңтүстік өңір бойынша филиалы Жамбыл облысы бойынша департаментінің сарапшысы. 

"Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері" құрметті атағы:

  • Ерманова Майра Жұратбекқызы – "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы - "Жезқазғантүстімет" ӨБ №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикаларының флотаторы, Жезқазған қаласы.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары