Тікелей эфир

Президент: Экономика мен саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз

Ол оның орнына ашық әрі әділ бәсеке орнату өте маңызды екенін атап өтті.

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 

"Реформа жасап жатырмыз деген атау үшін ғана реформа жасаудың ешкімге қажеті жоқ. Мен мұны бірнеше рет айттым. Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Құлаққа жағымды, бірақ орындалуы екіталай, күмәнді көрсеткіштерге алданбаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек", – деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кез келген мәселені ашық айтып, оны шешудің оңтайлы жолдарын бірге іздеу қажет екенін атап өтті. 

"Экономикадағы, саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз. Оның орнына ашық әрі әділ бәсеке орнату өте маңызды. Себебі нағыз бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарады", – деді президент. 

Серіктестер жаңалықтары