USD: 481.1 / 483.7
  • EUR: 548.5 / 553.5
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық бойынша тапсырма берді

Тоқаев Көшпенділер ойындары ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілетін әлемдегі ең ірі жарыс екенін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Жиында Ұлттық құраманың, спорт кешендердің, қонақ үйлер мен мәдениет орындарының дайындық барысы, сонымен қатар қоғамдық көлік, қауіпсіздік және тазалық мәселелері пысықталды.

Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындары ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілетін әлемдегі ең ірі жарыс екенін атап өтіп, оны жоғары деңгейде ұйымдастыру, халқымыздың терең тарихы мен мәдениетін, қонақжайлылығын көрсету, меймандар мен спортшыларға қажет жағдай жасау маңызды екеніне назар аударды.

Кеңесте премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз