Мемлекет басшысы Қазақстан туында халықтың бүкіл рухы көрініс тапқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның барша азаматтарын біріктіріп, ортақ іске жұмылдыратын символдардың бірі – Мемлекеттік ту екенін сөз етті.
"Егемен елдің аспанында, Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде желбіреген туымыз – бәріміздің мақтанышымыз. Қазақстанның көк байрағы ғарышқа сапар шекті, ең биік шыңдарда желбіреді. Туымызға арналған керемет әндер, өлең-жырлар бар. Әрбір азаматымыз оларды тыңдаған сайын ерекше рухтанады", – деді президент.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Ұлтымыздың азаттыққа деген ұмтылысы Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді
Қазақстанда президент тапсырмасы бойынша елімізде мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережесі өзгертілді. Енді әрбір азаматымыз қастерлі Отанымызға деген сүйіспеншілігін мемлекеттік рәміздерге құрметі арқылы көрсете алады. Көк туды қоғамдық жерлерде және жекеменшік орындарда қоюға еш тыйым жоқ.
"Біз домбыраға әр қазақтың төрінен орын бар дейміз. Бұл – дұрыс. Сол сияқты еліміздің әр отбасында көк байрағымыз тұрса, өте жарасымды болатыны сөзсіз. Біздің туымызда халқымыздың бүкіл рухы көрініс тапқан. Оған елдің терең тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті, бір сөзбен айтқанда, ұлт құндылықтарының барлығы сыйып тұр", – деді мемлекет басшысы.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😥 Израиль Газа аумағының оңтүстік бөлігіне тоқтаусыз шабуылдауда
-
245
-
0
-
1
-
-
2Еуропа Чемпионатының басты кубогын Италия футболының аңызы Джанлуиджи Буффон алып шықты
-
233
-
0
-
0
-
-
3⚡️Әлем чемпионаты: Қазақстандық 4 боксшы финалға шықты
-
234
-
0
-
0
-
-
4Ақылы жолдың ақысын төлемегендерге қанша айыппұл салынады
-
233
-
0
-
0
-
-
5🥉Қазақстандық жас шорттрекшілер әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды
-
226
-
1
-
0
-
-
6🇩🇪✈️Мюнхенде ұшақ осылай ұшу-қону жолағында қатып қалды
-
223
-
0
-
0
-
-
7🤦🏻♂️ Алматыда жатақханадағы өрт кезінде қаза тапты делінген жігіт тірі болып шықты
-
220
-
0
-
0
-
-
8⚡️Түркістан облысының қызметкерлері жоғалған баланың денесін тапты
-
240
-
1
-
2
-
-
9Индонезиядағы ең үлкен жанартау атқылап жатыр
-
91
-
0
-
0
-
-
10🇰🇿🥉Жанбота Алдабергенова Әлем кубогы кезеңінде қола жүлде алды
-
55
-
0
-
1
-