Қазақстан президентінің тапсырмасымен премьер-министр Әлихан Смайылов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов келіссөздер кезінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен сауда-экономикалық серіктестік жөніндегі ауқымды мәселелерді талқылау жоспарлап отыр.
Премьер-министр Шанхайда алтыншы халықаралық Қытай импорты көрмесінің ашылуына қатысады және басқа да елдердің делегация басшыларымен бірлесе ұлттық павильондармен танысады.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07