Тікелей эфир

Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқандарға 40 млн теңге айыппұл салынды

Сауда орындарында 4,5 мыңнан астам рейд жүргізілді.

Ішкі істер министрлігі өткен жылдың 25 желтоқсаны мен 2024 жылдың 3 қаңтары аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғау бөлімшелері қызметкерлерімен бірлесіп “Пиротехника” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Аталған іс-шара нарықта сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен пиротехникалық бұйымдардың айналымы қағидаларының сақталуына бағытталған. Іс-шара барысында азаматтық қорғау бөліністері қызметкерлерімен бірлесіп сауда орындарында 4,5 мыңнан астам рейд жүргізілді.

"Пиротехникалық бұйымдардың айналымы қағидаларының 900-ден астам бұзушылығы анықталды. Барлық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды: оның ішінде 800-ден астамы еркiн сауда жасауға заңнамасымен тыйым салынған тауарларды сатқаны үшін, пиротехниканы пайдалану тәртібін бұзғаны үшін – 32, пиротехниканы сақтау және тасымалдағаны үшін  – 4. Бұзақыларға шамамен 40 млн теңгеден астам айыппұл салынды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Отшашу өртке ұласпас үшін қандай қауіпсіздік талаптарын білу керек?


Іс-шара барысында 12 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық бұйым тәркіленді. Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде жарақат алудың профилактикасына ерекше көңіл бөлінді. Өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, елімізде азаматтар отшашуды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтамағандықтан күйік алудың 23 фактісі тіркелді, оның ішінде 14 бала бар.

Серіктестер жаңалықтары