Пикачу, Найки, Винни-Пух: енді Жапонияда ата-аналар балаларына қалаған есімді қоя алмайды

Фото: 100mt.ru
Фото: 100mt.ru
Енді тұрғындар жаңа туған сәбиге есім қоярда ел билігімен ақылдасуға тиіс.

Жапонияда енді ата-аналар балаларына қалаған есімді қоя алмайды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Елде ұл-қыздарды ерекше атпен атауға заңмен тыйым салынып отыр. Бұл шараға оқылуы қиын әрі оғаш естілетін есімдердің көбейіп кеткені себеп болыпты. Мәселен кей азаматтар балаларына Пикачу, Покемон, Найки, Винни-Пух деген есімдер қойған. Тіпті Еуропа қалаларының атауы мен Ібілістің атын бергендер де болыпты. 

Осыдан кейін бүлдіршіндерді қатарластары келеке етіп, арты қоғамда үлкен дауға айналған екен. 

Сондықтан енді тұрғындар жаңа туған сәбиге есім қоярда ел билігімен ақылдасуға тиіс. Демек, балаға берілетін есімнің мағынасын толық түсіндіріп беруі керек.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары