Әлем елдері оны 12 жастан асқан балаларға ата-анасының рұқсатымен салып жатыр.
Көп қазақстандық күтіп жүрген Pfizer вакцинасы алдымен тек аяғы ауыр келіншектер мен балаларға салынады. Сондықтан, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға күтпестен қазір бар екпені алуға кеңес береді, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Pfizer вакцинасы Қазақстанға қазан-қараша айларында жеткізіледі. Әлем елдері оны 12 жастан асқан балаларға ата-анасының рұқсатымен салып жатыр. Өйткені, қазір "Дельта" штамы балалар мен жасөспірімдерден де анықталып жатыр.
QazVac, Sputnik-V-ден бөлек енді қазақстандықтар қытайлық Vero Сell вакцинасын да салдыра алады. Бүгін елге оның 1 миллион дозасы жеткізілді. Енді жақын күндері өңірлерде, екпе алғысы келетін тұрғындарға қолжетімді болады. Бұл вакцинаның ерекшелігі тасымалдау кезінде мұздатқышқа салудың қажеті жоқ. +2 ден +8 градусқа дейін бұзылмайды. Vero Сell екпесі екі дозалы, қытайда шұғыл түрде 3 пен 15 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат етілген. Қазақстаннан бөлек, әлемнің 45 елінде қолданылады.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
123 мамырдан бастап Астана-Анкара тікелей рейсі қосылады ✈️
-
268
-
0
-
3
-
-
2Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғын ұсталды
-
246
-
0
-
1
-
-
37 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтеді
-
202
-
0
-
1
-
-
4Қызылорда облысында оқушылар мектепке қайықпен қатынауға мәжбүр болған
-
166
-
0
-
1
-
-
5Шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 2029 жылға қарай 5 миллионға жуықтайды
-
143
-
0
-
1
-
-
6Дінтану негіздері, қостілді оқулықтар. Мектеп бағдарламасына қандай оқу кітаптары қосылады?
-
114
-
0
-
1
-