Суағар жүйесі жасалмағандықтан, алаң ылғалдан-ақ жарамсыз күйге түскен.
Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы Мәдениет және демалыс саябағында 50 миллион теңге бюджеттік қаражатқа салынған скейт-парк қазір балалардың сырғанауы үшін қауіпті, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Өйткені, сырғанақ алаңының бетон қабаты жарылып, астындағы арматуралары шығып жатыр. Ата-аналар паркті жаңғыртып, не мүлде жауып тастауды талап етіп отыр. Олардың айтуынша, скейт-паркте суағар жүйесі жасалмағандықтан, жаңбыр мен қар суы алаң үстінен кетпейді. Соның әсерінен парктің бетон қабаты тез-ақ бұзылған.
Жаз айында скейт саябағына сырғанауға келетіндердің саны аз емес. Көбі мектеп жасындағы балалар.
"Сапаның қандай екенін алғашқы жаңбыр-ақ көрсетті. Скейт паркта сырғанау мүмкін емес, бәрі тез бұзылып жатыр. Жарақат алуың мүмкін. Өте қауіпті. Сырғанап жүргенде іштей қорқыныш мазалайды", – дейді қаланың Никита есімді тұрғыны.
Оқи отырыңыз: СҚО-да айыппұл тұрағындағы көліктер 500 мың теңге бастапқы бағамен сатылып жатыр
Балаларға қауіпті скейт алаңын салған мердігер компания – Shatyr Group серіктестігі. Жергілікті әкімдік өкілдері жұмысты дұрыс орындамаған компанияны бұзылған жерлерді ретке келтіруге міндеттейтінін айтады.
"Жұмысты Shatyr Group ЖШС жүргізген болатын. Ол жуық арада абаттандыру бойынша жұмыстарды қайта бастайтын болады", – деді Петропавл қаласы ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
281
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
257
-
0
-
4
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
239
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
244
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
240
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
242
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
234
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
233
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
229
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
233
-
0
-
0
-