Петропавлда 200-ге жуық үлескер үш жылдан бері пәтерінің кілтін ала алмай жүр

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Құрылыс компаниясының басшысы құрылысты аяқтау үшін тағы 700 миллион теңге сұрап отыр.

Петропавлда екі жүзге жуық үлескер үш жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүр. Тұрғындар армандаған пәтердің ақшасын толық беріп қойғанымен, заңды үйінің табалдырығын әлі аттамаған. Өйткені, бизнес санатындағы тұрғын үй кешенінің құрылысы мүлдем тоқтап қалған. Ал жауапты компанияның басшысы үйді аяқтау үшін халықтан тағы ақша сұрап отыр, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

Тұрғындар бизнес санатындағы үйдің қаржысын толық құйғандарын айтады. Ал құрылыс компаниясының басшысы көпқабатты үйдің құрылысын елордалық мердігерге тапсырғанын жеткізді. Бірақ олар қаражатты алып, құрылысты аяқтамай кеткен. Соттасып жатырмын деген кәсіпкер баспананы бітіру үшін 700 миллион теңге керек екенін алға тартқан. Тіпті, осы ақшаны үлескерлерге жинап беруді сұраған. 

"Біз шамамыз келгенше құрылысты өзіміз жалғастырдық. Жарты миллиард теңге өз қаржымды құюға тура келді. Бірақ енді құрылысты жалғастыратын ақшам жоқ. Сол себепті құрылысты аяқтауға қаржыны бәріміз жинайық деп ұсыныс жасадым. Әйтпесе кешен қашан пайдалануға берілетіні белгісіз", – деді Құрылыс компаниясының басшысы Владимир Богданов. 


Оқи отырыңыз: Ауғанстандағы жағдай бүкіл Орта Азияға тікелей әсер етеді – Роза Отунбаева


Бірақ бұл ұсыныс көпшіліктің ашуын туғызды. Олар компания басшысын сотқа бермек. 

Серіктестер жаңалықтары