Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қамауда отырған Перизат Қайраттың пара үстел теннисі федерациясының президенті лауазымына қалай тағайындалғанына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің айтуынша, пара үстел теннисі федерациясының президентін тағайындау федерацияның ішкі жұмысы.
"Перизат Қайрат бойынша, бұл – федерацияның ішкі жұмысы, сол кезде тағайындалған. Федерацияның жұмысы болғаннан кейін, қазір ол кісі қызметте жоқ. Қазір федерацияның ішкі жұмыстарын бір із арқылы басқару процесі жүріп жатыр. Федерацияларға талап қойылып жатыр, халықаралық ареналарда, елдің ішінде жұмыс істеуіне талап қоямыз", – дейді Ербол Мырзабосынов.
Оқи отырыңыз: Астанада қайырымдылық қорының жетекшісі қамалды. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 млрд теңгені ұрлаған
Еске салайық, Қаржылық мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Перизат Қайрат 16 қарашада екі айға қамауға алынды.