Қайғылы оқиға 12 сәуірде Мойылды ауылында болған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, "электр жарақаты, ес-түссіз жатқан адам" деген хабарлама бойынша медициналық бригада жіберілген болатын.
"Мекенжайға жеткен дәрігерлер 40 минут реанимациялық іс-шаралар жасаған, алайда 2007 жылы туған жасөспірімді құтқара алмады",– деді станцияда.
Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде оқиғаның мән-жайы түсіндірілді.
"12 сәуірде сағат 19:00 шамасында Мойылды ауылында Ұлы Дала көшесінде орналасқан төртінші трансформаторлық қосалқы станцияда қайғылы жағдай орын алды. 17 жастағы бала электр тоғы соғып, көз жұмды",– деді баспасөз қызметінде.
Жасөспірім Павлодарда тұрған, алайда сол кезде әжесінің үйінде қонақта жүрген. Жоғарыда аталған 4-ТҚС "ПРЭК" АҚ есебінде.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында өрт салдарынан екі бала қаза болды
Облысты полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындалғанын және оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатынын мәлімдеді.