Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Павлодар қаласының №2 соты Қарағанды облысы Теміртау қаласының төрт тұрғынына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу, ірі және аса ірі мөлшерде ұрлық жасау, алаяқтық, көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкіміне сәйкес, сотталушылар 2015-2019 жылдар аралығында ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары бола отырып, Қарағанды және Павлодар облыстарының аумағында Toyota Land Cruiser Prado және Toyota Avensis маркалы автокөліктерін ұрлаған. Кейін олар жалған сәйкестендіру нөмірлерін жасап, сол нөмірлермен көлік құралдарын сатқан.
Оқи отырыңыз: СҚО-да айыппұл тұрағындағы көліктер 500 мың теңге бастапқы бағамен сатылып жатыр
"Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сондай-ақ бірқатар сот сараптамасының қорытындыларымен дәлелденді. Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша 3 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер сотталушыларды бас бостандығынан айыруды талап етті, – деп жазылған хабарламада.
Сотталушылардың үшеуі кінәні ішінара мойындап, жеңіл жаза тағайындауды, ал ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін ақтауды сұрады. Төртінші сотталушы кінәсін мойындамады және өзін айыптаудың барлық эпизодтары бойынша ақтауды сұрады.
Аталған іс ауыр қылмыстар санатына жатады және жазаның ең ұзақ мерзімін – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Оқи отырыңыз: Берік Қамалиев: 40 тоннаға дейін жүк таситын қытайлық көліктер жолды тоздырып отыр
Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, қылмыстық топты құрған адам сот үкімімен 8 жыл бас бостандығынан айыру, екіншісіне қылмыстың қайталануын ескере отырып - 8 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру, үшіншісіне 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Төртіншісіне бір эпизод бойынша залалды өтегенін назарға ала отырып, үш жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза берілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-