Тікелей эфир

Павлодарда мектеп оқушысы мұғалімі мен сыныптасын пышақпен жаралады

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Павлодарда тәртіп сақшылары екі адамның денесіне зақым келтірді деген күдікпен жоғары сынып оқушысын ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Облыс орталығындағы мектептердің бірінің оқушысы ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол сыныптасы мен мұғалімін пышақтап кеткен.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.


Оқи отырыңыз: Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы құлап, есінен танып, көз жұмды


Құқық қорғау органдары басқа мәліметтерді бермеді.

Серіктестер жаңалықтары